Екі медициналық мекемеде маңызды жиналыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екі медициналық мекемеде маңызды жиналыс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы мен қалалық перинаталдық орталығының қызметкерлерімен таңғы кездесу өткізді.

Жиында денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар аясындағы өзгерістерге басымдық беріліп, атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің қаулы жобасы негізінде қарастырылып отырған екі орталықты біріктіру мәселесі осы реформалық өзгерістердің маңызды бөлігі екені айтылды. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік-талдамалық сараптама нәтижелері таныстырылды.

Басты мақсат – көпбейінді ауруханалар базасында перинаталдық көмекті біріктіру арқылы ана мен бала өлімін азайтып, дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Кездесуге басқарма басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Гүлзада Аширбаева мен Дәулет Тоқтасынұлы қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Дәулет Тоқтасынұлы екі медициналық ұйымның қаржылық-экономикалық қызметі бойынша баяндама жасап, олардың қазіргі жағдайына жан-жақты талдау ұсынды.

Өз кезегінде басқарма басшысы Сержан Сәрсенбекұлы аталған бастаманың денсаулық сақтау саласындағы реформалар аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, біріктіру үдерісі қаржылық-экономикалық тұрғыдан тиімді. Осы бағытта екі орталықтың экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, тиісті қорытындылар жасалған.

Бұл қадам медициналық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1215215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді