Әскер қатарына жолданатын азаматтарды шығарып салу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отан алдындағы қасиетті борышты өтеу – әрбір азаматтың парызы. Осындай жауапты сәттердің бірі ретінде бүгін ауданымыздың «Руханият» орталығында жас сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып:

«Отанға адал қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілікті жоғары ұстау – басты міндет. Осы жолда Сіздер табандылық танытып, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетеді деп сенеміз. Сондай-ақ ата-аналарыңыз бен жақындарыңыз сіздерді зор үмітпен, мақтанышпен шығарып салып отыр. Олардың сенімін ақтап, абыроймен оралатындарыңызға сенім білдіремін! Сапарларыңыз сәтті, қызметтеріңіз абыройлы болсын»,-деп жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жандос Бекмұрзаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ауған соғысының ардагері Асқар Ерманов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Шара барысында әскери қызметке аттанғалы отырған азаматтарға құрмет көрсетіліп, ата-аналарына «Алғыс хат» табыс етілді.

Ардагерлер жас сарбаздарға батасын беріп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға сенім білдірді.

Сондай-ақ салтанатты жиын патриоттық әндер мен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1215852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді