Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке Отанға адал қызмет ету, азаматтық жауапкершілік пен борышқа беріктік сияқты құндылықтарды айқындайды. Әскери борышты адал атқару – еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды негізі.

2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияда Қазақстан Республикасының Егемендігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін қорғаудың негізгі қағидаттары бекітілген. Бұл мемлекеттік құндылықтардың тұрақтылығын және елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызын көрсетеді.

Қазіргі жағдайда Отанды қорғау ұғымы ұлттық қауіпсіздікпен қатар, конституциялық қағидаттарды сақтау, заң үстемдігін құрметтеу және құқықтық мемлекетті дамытуға үлес қосуды да қамтиды.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, амандық және барлық ізгі бастамаларыңызға табыс тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1215864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді