Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Құрметті отандастар! Құрметті қызметкерлер мен ардагерлер!

  Төтенше жағдайлар министрлігі атынан және жеке өз атымнан сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отанға қызмет ету үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.

  ТЖМ қызметкерлері үшін елді қорғау тек антқа адалдық қана емес, сонымен қатар ең қиын сәттерде адамдарға көмек көрсету. Азаматтық қорғау жүйесінде әскери бөлімдердің орны ерекше. Олардың жеке құрамы ерлік пен абыройды ту еткен, әскери борыш пен азаматтық жауапкершілікті біртұтас ұғым деп білетін жандар.

  Бүгінде құтқарушылар бейбіт күннің батырлары. Олар күн сайын табиғи апаттармен, төтенше жағдайлармен және түрлі қауіп-қатерлермен күресуде. Әрбір құтқарушы ел қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген сарбаз. Сіздердің қызметтеріңіз батылдықтың, жанқиярлықтың және ерлікке әрдайым дайын болудың айқын көрінісі.

  Өз қызметін абыроймен атқарып жүрген офицерлерге, құтқарушыларға, әскери қызметшілерге, курсанттар мен ардагерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Әр шаңырақта бақыт пен береке болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
генерал-лейтенант
Шыңғыс Әрінов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1215870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді