
Тасқараева Шынар Қойшыманқызы өмірінің 40 жылын «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Шардара өндірістік бөлімшесіндегі еңбекке арнады. Ол еңбек жолын 1986 жылы Қызылқұм суару жүйелері басқармасында инженер-мелиоратор болып бастаған.
Содан бері Шынар Қойшыманқызы бір ұжымда табан аудармай еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдар бойы Шардара өндірістік бөлімшесінде кадр маманы қызметін абыроймен атқарды.
40 жылдық жемісті де табанды еңбектен кейін Шынар Тасқараева еңбек жолын аяқтап, құрметті зейнеткер атанды. Соңғы жұмыс күнінде өндірістік бөлімше ұжымы оған ерекше алғыс білдіріп, салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1215894?lang=kk

Жауап қалдыру