
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл мереке жыл сайын 1 мамыр күні атап өтіледі. Оның басты мақсаты — еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын нығайту.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Барлығы бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, елдің дамуына үлес қосып келеді. Бірлік күні адамдар бір-біріне құрмет көрсетіп, ұлттық мәдениеттерін таныстырады. Бұл күні концерттер, мерекелік шаралар және фестивальдер өткізіледі.
Халық арасында «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деген нақыл сөз кең тараған. Шынында да, елдің тыныштығы мен дамуы халықтың ауызбіршілігіне байланысты. Сондықтан бұл мереке достықтың, сыйластықтың және ынтымақтың белгісі болып саналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-amangeldi/press/news/details/1216066?lang=kk

Жауап қалдыру