
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Аягөз ауданына іс-сапары кезінде Абай облысы білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы Аягөз ауданы Бозай аулындағы “Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып ауыл тұрғынының арызы бойынша мектеп асханасының кәріз жүйесінің жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді қолданылуын қарап, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен танысып, жұмысты сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге оқу кабинеттерін аралап, сабақтардың өту барысын көрді.
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, оқу процесіне заманауи әдістерді енгізу және оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту қажеттігін атап өтіп, педагогтердің кәсіби дамуы, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және тәрбие жұмысының өзектілігі туралы мәселелерге тоқталды. Қорыта келе, білім беру жұмысын жетілдіру және оқу сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1215997?lang=kk

Жауап қалдыру