Аудан әкімінің Рахат ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуі Рахат ауылдық округінде өтті. Іс-шара барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтікэкономикалық жоспарды іске асыру мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Аудан әкімі тұрғындарды елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыруды жақсарту және әлеуметтік нысандарды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың одан әрі бағыттары айтылды. Ресми бөлімнен кейін округ тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерді көтере алды. Ашық диалог барысында барлық өтініштерге тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1215995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді