ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН КӨШПЕЛІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАУЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасына қарасты емхананың қызметкерлері терапевт Қалкеева С.С., кардиолог Аяпова А.К., эндокринолог Ораз Н.Е. және әлеуметтік қызметкер Төлетаева А.Б. құрамында көшпелі топ құрып, үй жағдайында қаралуы қажет ардагерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне медициналық тексеру жүргізді. Сонымен қатар оларға азық-түлік себеттері табысталды.

Тексеру барысында артериялық қан қысымы, ЭКГ, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейі, сондай-ақ көз ішілік қысым өлшенді. Кездесу барысында медицина қызметкерлері ардагерлердің сұрақтарына жауап беріп, тиісті кеңестерін ұсынды.
Аталған шаралар тек медициналық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар Жеңісті жақындату жолында денсаулығы мен өмірін құрбан еткен жандарға деген құрмет пен алғыс белгісі болып табылады. Ардагерлер қажетті кеңестер алып, әрі қарай тексерілу мен емделуге жолдамалар берілді. Ең бастысы олар қамқорлық пен ілтипатты сезінді.

Қарттар медицина қызметкерлеріне көрсетілген көңіл мен қолдау үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1215974?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді