
Аталған штаб отырысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Б.Т. Сатқанбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиынға штаб мүшелері – денсаулық сақтау басқармасының, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, Маңғыстау облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі, сондай-ақ қала және аудандық жергілікті атқарушы органдар мен білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында балалардың жазғы сауықтыру лагерлерін ашу кезеңінде жиі кездесетін өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1216197?lang=kk

Жауап қалдыру