7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Талас ауданында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері кәсіби мерекемен құттықталды. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен ардагер қызметкерге ауданға сіңірген еңбегі үшін арнайы медаль табысталып, Құрмет грамотасы және алғыс сыйлықтарымен марапатталды. Шара барысында қызметкерлердің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше атап өтіліп, оларға қызметте табыс, мықты денсаулық және отбасылық амандық тілінді.
Жауап қалдыру