Жеңіс күні қарсаңында мәслихат аппаратының қызметкерлері Кочкина Лидия Григорьевнаны 9 Мамыр — ерлік пен батырлықтың, ұрпақтар сабақтастығы мен тағзымның мерекесімен құттықтады.


Ағымдағы жылдың 30 наурызында Лидия Григорьевна 92 жасқа толды. Ол бар саналы ғұмырын адам денсаулығын сақтауға арнап, аудандық ауруханада 39 жыл фельдшер болып еңбек етті. Осы мекемеден құрметті еңбек демалысына шыққан.
Көп жылғы адал еңбегі, мамандығына деген жауапкершілігі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында Лидия Григорьевна елдің құрметі мен алғысына бөленіп келеді.
Лидия Григорьевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын, бейбіт аспан мен бар жақсылықты тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1216243?lang=kk

Жауап қалдыру