Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — бір реттік іс-шара емес, бұл жүйелі түрде жүзеге асырылып, ұзақ жылдарға жоспарланған, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама. Аталған шараны іске асыру барысында сенбіліктер өткізіліп, аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шахтерское ауылында экологиялық жағдайды жақсарту және аумақты абаттандыру мақсатында жасыл желектерді (қарағай көшеттерін) отырғызу, сондай-ақ автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жауап қалдыру