
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Қосылұлы Омаровты лайықты демалысқа шығуымен шын жүректен құттықтайды.
Сіз көпжылдық адал еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз бен ісіңізге деген адалдығыңыздың арқасында әріптестеріңіз арасында лайықты құрмет пен беделге ие болдыңыз. Қызмет еткен жылдар ішінде Сіз халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытуға елеулі үлес қосып, құзыреттіліктің және таңдаған ісіңізге деген беріктіктің үлгісі бола білдіңіз.
Марат Қосылұлы, Департаменттің бүкіл ұжымы атынан Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке және ұзақ та мазмұнды ғұмыр тілейміз. Әрбір күніңіз қуаныш пен үйлесімге толы болып, тек жағымды эмоциялар сыйласын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1216278?lang=kk

Жауап қалдыру