Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласындағы «Қасым үйінде» Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында террористік қауіп-қатерлерге осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, сонымен қатар  діни бірлестіктер клубының 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Баяндамашылар ретінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының ТҚК бөлімінің бас инспекторы А.Ж.Тукенов, Қарағанды облысының ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Н.Қ. Шабдыкеев, Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының модераторы Д.С. Полтаренко сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар адамдар көп жиналатын нысандардың, оның ішінде діни ұйымдардың қорғалу деңгейін арттыру шараларын талқылады. Сонымен бірге, діни бірлестіктердің мемлекеттік органдармен және құқық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылы, қауіпсіздік талаптарын сақтау және халықтың ақпараттандыру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейтуге, алдын алу шараларын дамытуға және террористік қауіп-қатерлерге осал объектілердің тұрақты әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1216277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді