
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және пайдалану бойынша облыстық мониторинг өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының саяси жұмыс бөлімінің бас маманы Орлова В.Г. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және пайдалану бойынша мониторинг жүргізді. Жұмыс барысында 30 астам мемлекеттік ұйым мен мекеме қамтылды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірегейлігін бейнелейді. Оларды дұрыс пайдалану патриоттық сананы қалыптастыру және қоғам бірлігін нығайту үшін маңызды. Мемлекеттік рәміздерді орналастыру және пайдалану кезінде заңнаманың сақталуы лауазымды тұлғаларға ерекше жауапкершілікті жүктейді.
Мониторинг соңында семинар өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану және пайдалану туралы презентация ұсынылды. Сондай-ақ қатысушыларға мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1216313?lang=kk

Жауап қалдыру