Бөкей ордасы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының құрамына қосымша сайлау туралы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бөкей ордасы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының құрамына қосымша сайлау туралы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хабарламасы

                   Бөкей ордасы аудандық мәслихаты Бөкей ордасы ауданындағы учаскелік сайлау комиссиясында бос орын болуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды:

 

Сайлау комиссиясының атауы

Сайлау учаскесі-нің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

Учаскелік сайлау комиссиясы

1

Бисен

№65

Бисен ауылы, Б.Жәнекешев көшесі, 18. Мәдениет үйінің ғимараты

1

 

Саяси партиялардан сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі – 2026 жылдың  8 мамырынан 24 мамырға дейін.

Белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

         Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік  сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөкей ордасы аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі №31, ІІ- қабатта сағат 9-00ден 18-00ге дейін қабылдайды.

          Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – аудандық мәслихат аппаратының басшысы  Ержан Жексенұлы Айтқалиевбайланыс телефоны 8(71140)21747.

        Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес болуға тиіс және Бөкей ордасы  ауданы аумағында тұруға тиіс.

      1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан  суырмаларды;    

       2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

       3)  аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің аудандық мәслихат төрағасына нысан бойынша өтініші;

        4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық  мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдау сұралады.

Бөкей ордасы аудандық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1216300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді