Су – тіршілік көзі, үнемдеп пайдалан!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су – тіршілік көзі, үнемдеп пайдалан!

Тіс тазалағанда кранды өшіріп, бір стақан суды пайдалансаңыз, жылына 6300 литрге дейін су үнемдейсіз.

Сенсорлы автоматты крандарды қолдансаңыз, жылына 4500 литрге дейін су үнемдей аласыз.

Ваннаның орнына душ қабылдасаңыз, жылына 15600 литрге дейін су үнемдей аласыз.

Жеміс-жидек пен көкөністерді ыдысқа су құйып алып жусаңыз, жылына 1500 литрге дейін су үнемдей аласыз.

Кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық жүктемемен пайдалану бір отбасыға (6 адамға) жылына 35000 литрге дейін су үнемдеуге көмектеседі.

Крандар мен су жүйелерін жиі тексеріп, ақауларды уақытылы жөндеу тұтынылатын суды 10%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дәретханада екі режимді су ағызу жүйесін қолдану арқылы жылына 6000 литрге дейін су үнемдеуге болады.

Крандарға аэрациялық саптама орнату жылына 3300 литрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1216328?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді