«Білім алушыны қалай табысты етуге болады: заманауи педагогикалық тәсілдер» тақырыбындағы облыстық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 ақпанда С.Сейфуллин атындағы гимназияда «БІЛІМ АЛУШЫНЫ ҚАЛАЙ ТАБЫСТЫ ЕТУГЕ БОЛАДЫ: ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Мақсаты: педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, әлеуметтік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу.
Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы аға ғылыми қызметкері Қадырова Әсел Толқынқызы, Педагогикалық шеберлік орталығы жеке мекемесінің басшысы Маторина Евгения Анатольевна, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы КММ директоры Карамендин Олжас Сабитович және аталған білім беру ұйымының 3 мұғалімі қонақ ретінде қатысты.

Сонымен қатар Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарынан 100-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары, оқу-әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагогтер мен жас мамандар қатысты.
Семинар аясында «Болашақ мектебі: идея, жоба, жасанды интеллект» идеялар кеңістігі және «Этно-style» аймағы тақырыптарында көрмелер ұйымдастырылды.

Қатысушылар «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» кәсіпке баулу тәжірибелік алаңының жұмысымен танысты. І бөлімде гимназия өнерпаздарының «Даналық мектебі: дәстүр мен даму үндестігі» тақырыбындағы этно-шоу бағдарламасы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
ІІ бөлімде «Оқушының оқу үдерісіндегі белсенді ұстанымын дамыту» тақырыбындағы сабақты зерттеу (Lesson Study) жобасы таныстырылып, Сингапур оқыту әдістемесі бойынша ашық сабақтар топтамасы өткізілді.

Іс-шара барысында Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы (Абай облысы, Семей қаласы) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, озық педагогикалық тәжірибе алмасу және білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді тиімді енгізу арқылы тұрақты серіктестік орнату.

Ынтымақтастық аясында:
• Lesson Study зерттеу тәсілін жүйелі түрде енгізу және жетілдіру;
• әдістемелік семинарлар, коучингтер, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру;
• бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру;
• жас педагогтерге тәлімгерлік қолдау көрсету;
• инновациялық педагогикалық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне кіріктіру;
• онлайн және офлайн форматта тәжірибе алмасу алаңдарын құру жоспарланды.
Тараптар білім беру саласындағы өзара сенімге, кәсіби әріптестікке және ашық диалогқа негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.
Бұл меморандум екі білім беру ұйымы арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, оқушылардың білім сапасын арттыруға, педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға және заманауи мектеп моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1216362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді