
Ұлытау облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңес өтті.
Жиынға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, дін саласының мамандары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Кеңес барысында өңірдегі діни ахуалды тұрақты бақылау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдарға қарсы жұмыстарды күшейту, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қарсы насихаттық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар жастар арасында құқықтық және діни сауаттылықты арттыру, профилактикалық іс-шаралардың мазмұнын жаңарту, ақпараттық материалдардың сапасын көтеру және жергілікті жерлерде жұмысты нақты нәтижеге бағыттау қажеттілігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдіктеріне, уәкілетті басқармалар мен жауапты органдарға дін саласындағы жұмысты жүйелі үйлестіру, тәуекелдерді дер кезінде анықтау және алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өңірдегі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1216689?lang=kk

Жауап қалдыру