Сәтбаевта биыл 19 көшенің жолы асфальтталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Сәтбаев қаласының жолдарын жөндеуге ерекше назар аударылады. Ол жайында өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтылды.

Белгілі болғандай қазіргі таңда 18 көше бойынша мердігер ұйымдар анықталып жұмыстары басталды. Сонымен қатар Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы берілді. Қорытындысы мамыр айының ортасында анықталады.

Одан бөлек, 30 мың шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1216927?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді