
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елорда ұйымдары бастаманы белсенді қолдап, аумақтарды абаттандыру және тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.
«Астана даму орталығы» нысандарында 90 мың шаршы метрден астам аумақ тазартылып, шамамен 2,5 тонна қоқыс шығарылды, сондай-ақ 1000-ға жуық көшет отырғызылды.
Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы Astana Invest қолдауымен 140 кәсіпорынның 1000-нан астам қызметкері №1 Индустриялық парк аумағын тазалау жұмыстарына қатысты. Жұмыс барысында 400-ден астам қап қоқыс шығарылды, шамамен 1000 ағаш отырғызылды.
Экологиялық бастамаға елорданың туристік секторы да қосылды: 14 қонақүйдің 300-ден астам қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және таза, жайлы қалалық ортаны дамытуға ықпал етеді.
#ТазаҚазақстан #Астана #ТазаОрта #ТазаАула #Экология
https://www.instagram.com/p/DX_wbHsA2Bl/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1216970?lang=kk

Жауап қалдыру