
Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан ірі өндірістік жобалардың бірі – «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» ЖШС-нің сүйектен май және желатин компоненттерін өндіретін зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Құны 9 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, газ құбыры мен инженерлік желілерді тарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Аудан әкімі Азат Оралбаев құрылыс алаңына барып, газбен қамту жұмыстарының барысын бақылап шықты. Бастапқы іске қосуға қажетті орта қысымды газ құбыры тартылып, техникалық шарттар алынған. Ал өндірісті толық қуатта іске қосуға арналған жоғары қысымды газ құбырының жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданған.
Сонымен қатар кәсіпорын электр желілеріне қосылып, қосымша қуат көздерін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, маусым айында жоба жаңа кезеңге өтіп, газ құбырына толық қосу жұмыстары басталады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1217014?lang=kk

Жауап қалдыру