
«Таза Қазақстан» эко-саябағы аумағындағы «Шешек асуы»туризм және демалыс орнында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен ауқымды экологиялық акция өтті.
Өскемендегі «Шешек» туристік орнында 7,5 мың шаршы метрден астам аумақта 7 мыңнан астам көшет арқылы Шығыс Қазақстан облысы картасының контуры пайда болды.
Игі іске өңірдің барлық қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен мекемелер, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Облыс картасының әрбір бөлігіне жекелеген аудан мен ұйымдар бекітіліп, сол аумақтарға ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта олар өздеріне бекітілген жердің күтімі мен абаттандырылуына жауапты болады.
Бір ерекшелігі, аумақты абаттандыру үшін бюджеттен бірде-бір теңге бөлінген жоқ.
«Таза Қазақстан» – осындай қарапайым әрі пайдалы істерден басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1216994?lang=kk

Жауап қалдыру