
9 мамыр күні дәстүр бойынша Ақтөбедегі Даңқ обелискісіне келген қала тұрғындары Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсетті.
Еске алу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Жиналғандар майданда ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Рәсімге сондай-ақ мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, ардагерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жеңіс күнінде гүл шоқтарын қою рәсімі «Зеңбірек» ескерткіш-обелискісінде, «Бауырластар зиратында», сондай-ақ Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіш-бюсттері жанында да өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1217035?lang=kk

Жауап қалдыру