Жеңіс күніне орай Өскемен қаласында «Жеңіс» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ШҚО ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.  
Шығыс Қазақстаннан соғысқа дейінгі және соғыс жылдарында 182 604 адам әскерге шақырылды. Олардың 95 870-і майдан даласында қаза тапты.
Шығыс қазақстандықтар барлық әскер түрлерінде қызмет етіп, барлық майдандарда соғысып, ерлік, табандылық және батылдық көрсетті.  
Рәсім соңында қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1217101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді