Еңбек министрі Асқарбек Ертаев тыл ардагері Бақыт Хасеновты Жеңіс күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев тыл ардагері Бақыт Хасеновты Жеңіс күнімен құттықтап, ел үшін еткен жанқияр еңбегі мен өнегелі ғұмыры үшін алғыс білдірді.

Министр тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі ерекше екенін атап өтіп, соғыс жылдарында ауыртпалықты қайыспай көтерген аға буынның ерлігі мен табандылығы бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым екенін айтты.

Асқарбек Ертаев Бақыт Қалиұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, оның Отанға сіңірген еңбегі мен өмірлік ұстанымы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті.

Бақыт Қалиұлы 1936 жылы дүниеге келген. Әкесі соғысқа аттанып, майданнан оралмаған. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңімен тұспа-тұс келіп, жас кезінен жұмысқа араласқан.

Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастап, соғыстан кейінгі жылдары есепші, агроном, экономист, бас экономист, салық инспекторы қызметтерін атқарды. Ауыл шаруашылығы мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді араласып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.

Сонымен қатар, Бақыт Қалиұлы шығармашылықпен айналысып, бірнеше шежірелік еңбектерді де жазған. Өлеңдер жинағы да жарық көрген. Туындыларының бірнешеуін құттықтай келген министрге табыс етті.

Бақыт Хасенов жұбайы Елеусіз Қажмұратовамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 14 немере мен 7 шөбере сүйіп отыр.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1217116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді