«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлы Жеңістің маңызын дәріптеуге арналған «Жеңіс туы желбіре» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлы Жеңістің маңызын дәріптеуге арналған «Жеңіс туы желбіре» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлап, патриоттық рухты көтеруге бағытталды.

Мерекелік концерттің ашылуында орталық директоры Қалибек Әділбекұлы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Қараев Ұлықбек Тұрсынбайұлы сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Олар ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі болды. Сахна төрінде «Генерал» тобы (жетекшісі Елена Ивановна Евстратенко) өз өнерлерін паш етсе, EA studio өнер-білім орталығының «Бегім-ай» би ансамблі (жетекшісі Сая Ерікбекқызы) көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнерпаздардың әрбір нөмірі көрермендердің көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.

Шара барысында орталықта тұратын тыл еңбек ардагерлеріне арналған арнайы бейнеролик көрсетіліп, олардың еңбегі мен ерлігіне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушыларға әскери дәстүрді еске салатын солдат кашасы ұсынылды.

Осындай тағылымды шаралар орта буынға патриоттық тәрбие беріп, аға буынның ерлігін ұмытпау
ға үндейтіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1217143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді