9 мамыр күні Алтай қаласының Орталық саябағында Даңқ мемориалы ескерткішіне гүл шоқтары мен гүл қою рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тағылымды шараға аудан жергілікті атқарушы билік өкілдері, мәслихат депутаттары, тыл еңбеккерлері, мекеме және ұйым қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен батылдығына, бейбіт өмір үшін жасаған жанқиярлық еңбегіне құрмет білдіріп, гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара патриоттық рухта өтіп, жеңіс ұрпағының ерлігіне деген зор құрмет пен бірліктің айқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1217225?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді