Семейде «Қарағай» драмасының премьерасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын кеңінен насихаттау аясында Абай облысында тағылымды мәдени жоба жүзеге асырылды.

Кеше Абай атындағы театрда көрнекті драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» драмасы сахналанды.

Қойылымда адам мен табиғат арасындағы байланыс, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық жауапкершілік, адалдық пен әділет ұғымдары көркемдік тұрғыда терең бейнеленді. Спектакль арқылы көрерменге экологиялық сана мен қоғамдық тәртіптің маңызы кеңінен насихатталды. Қойылымның режиссері – Серікжан Айтқалиев.

Премьераға Алматы қаласынан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының және «Шам» театрының актері Дархан Сүлейменов арнайы келіп, басты рөлді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Көрермен тарапынан жоғары бағаланған «Қарағай» спектаклі алдағы уақытта өңір аудандарында да сахналанып, гастрольдік сапарлар аясында тұрғындарға ұсынылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1217292?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді