Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі өндіруге жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

     Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде министрлік қызметкерлерімен Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталды. 

– Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1217384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді