
Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласының Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Жеңіс» саябағына 30 түп алма ағашы егілді. Акцияға мемлекеттік қызметшілер мен қоғам белсенділері қатысты.
Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов бұл күні «Батырлар аллеясы» мен «Жеңіс» саябағына жалпы 60 түп жеміс ағашы егілгенін айтты. Оның айтуынша, алма көшеттері тәжірибе ретінде отырғызылып жатыр. Егер жерсініп кетсе, бұл аумақ алма бағына айналып, тұрғындардың демалыс орны болмақ. Сонымен қатар ауданға тал-терек егу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Акцияға қатысушылар саябаққа 30 түп жеміс ағашын екті. Қалалық зейнеткерлер қоғамының мүшесі Ерсайын Нұрхатов та жастармен бірге ағаш егіп, үлгі көрсетті. Ол саябақтың тұрғындар үшін қолайлы демалыс орны екенін айтып, алма ағаштары аумақты одан әрі көркейтетінін жеткізді.
Жеңіс саябағы 2019 жылы ашылған. Аумақ абаттандырылып, орындықтар қойылып, 10 мың шаршы метр көгал егілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kyzylsu/press/news/details/1217465?lang=kk

Жауап қалдыру