АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы еліміз бойынша аталып өтуде. 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай, қаламыздағы “Даңқ” монументінде гүл қою шарасы өтті.

🔰Митинг бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алумен басталды. Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйлеп, майдангерлердің ерліктері ұрпақтар жадында мәңгілік сақталатынын жеткізді.

🔰Митинге қатысушылар тарих толқынында қасіретімен есте қалған сұм соғыстың енді болмауын тілеп, ардагерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1217694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді