
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінің орталық жаяу жүргіншілер бөлігінде мақсатты рейдтерді күшейтті. Сонымен қатар, қала бойынша қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне бейнемониторинг жүргізілуде.
Жол жүрісі қағидаларының 24-тарауы 171-тармағының 6-тармақшасына және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, велосипед немесе электрсамокат жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүру бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралынан түсіп, оны жанына жетектеп өтуге міндетті. Бұл талапты бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Жолдың жүру бөлігіне 14 жастан бастап тек оң жақ шетімен шығуға рұқсат етіледі. Тротуарда жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруге болмайды. Барлық жаяу жүргіншілер өткелдері мен бағдаршамы бар қиылыстарда міндетті түрде көліктен түсу қажет. Сондай-ақ полиция фара, дыбыстық белгі, шлем және құлаған жағдайда қорғайтын құралдарды пайдалануды қатаң түрде ұсынады.
Жалпы, 2026 жылдың төрт айында Солтүстік Қазақстан облысында 131 жол-көлік оқиғасы тіркелді: 16 адам қаза тауып, 177 адам жарақат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1217988?lang=kk

Жауап қалдыру