
2026 жылғы 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» – мен 15 маусым күндері аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.
🎯 Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.
👤 Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысының отбасылары қатыса алады.
📥 Толық ақпаратты Қаратал аудандық, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінен алуға болады. #otbasym2026

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1218032?lang=kk

Жауап қалдыру