Арқалық қалалық жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 12 мамыр күні сағ. 14:30 18:30 аралығында Арқалық қалалық Казпотребсоюз көпсалалы колледжінің аумағында (Арқалық қаласы, Мауленов көшесі, 26 үй) Арқалық қалалық терроризмге қарсы жедел штабы «Арқалық-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпаратқа тек ресми дереккөздерге сүйенуге өтінеміз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚостанай облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1218164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді