🔰 «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС – БАСТЫ НАЗАРДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы ІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы «Басқармалар үйі» ғимаратында орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» өңір тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді.
 
🔹 Қабылдау барысында Департамент басшысы азаматтардың еңбек қатынастары саласына қатысты, оның ішінде еңбек құқықтарының бұзылуы, еңбекақының төленбеуі, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімделу тәртібі, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының жүйелі рәсімделуі, жұмысқа орналасу және еңбек даулары бойынша білдірген өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
 
🔹 Әрбір азаматтың мәселесі назарға алынып, заң аясында тиісті жауаптар мен бағыт-бағдар берілді.
 
🔹 Халықпен ашық байланыс орнату және тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу – департамент жұмысының басты бағыттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1218160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді