
Шардара ауданында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының бастамасымен «АРМ спорт» клубының 25 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Роман Қарсыбайұлы құрметіне арналған қол күресінен XXVIII облыстық турнир ұйымдастырылды.
Дәстүрлі жарыстың ашылу салтанатына спорт ардагерлері, бапкерлер, аудан тұрғындары мен облыстың үздік спортшылары қатысты. Турнирдің басты мақсаты — қол күресін дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Романұлы әкесі Роман Қарсыбайұлының өмірлік ұстанымы мен тәрбиесі жайында айтып, осы тағылымды жолды жалғастырып, 25 жылдан бері дәстүрлі спорттық турнир өткізіліп келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар аудан спортының дамуына үлес қосқан Жұмадуллаева Жанат Жасұзаққызы мен Абдраханов Мұхан Ұзақбайұлы арнайы марапатталды.
Жарыс барысында спортшылар жоғары техникалық дайындық пен тактикалық шеберлік көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. Әр салмақта мықтылар анықталып, жанкүйерлер әсерлі кездесулердің куәсі болды.
Аудан басшысы А.Романұлы өз сөзінде спорттың тек күш сынасу емес, тәртіп пен табандылықтың, жігер мен патриоттық рухтың мектебі екенін атап өтіп, жас спортшыларға алдағы жарыстарда биік нәтижелерге жетіп, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғауға тілектестік білдірді.
Аймақтық деңгейдегі маңызды спорттық дода жас буынның спортқа қызығушылығын арттырып, өңірдегі қол күресі спортының дамуына серпін берген тағылымды іс-шара ретінде есте қалды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218091?lang=kk

Жауап қалдыру