Шардара ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының 2026 жылғы 08 мамырдағы №1-152ө өкіміне сәйкес, Таласов Бахытжан Амангельдіұлы Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Бахытжан Амангельдіұлы – жоғары білімді, отбасылы, мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибеге ие, кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі зор маман. Ол бұған дейін Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басшының орынбасары, сондай-ақ 2020–2024 жылдар аралығында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. Аталған тағайындау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, сондай-ақ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы және өзге де әлеуметтік қорғау саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Аудан әкімі Арман Романұлы жаңа басшыға халықты жұмыспен қамту саясатын тиімді іске асыруды, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды, әлеуметтік осал топтарды қолдау шараларын күшейтуді, атаулы әлеуметтік көмекті заңнама талаптарына сәйкес әділ әрі ашық ұйымдастыруды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Бахытжан Амангельдіұлына жүктелген міндеттердің сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын атап өтіп, жаңа қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді