Цифрлық қауіпсіздік: «ДАМУ» қорының қызметкерлеріне алаяқтардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Цифрлық сауаттылықты арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Жетісу облысы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының полиция қызметкерлері «ДАМУ» қорының қызметкерлерімен киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері қазіргі таңда азаматтар жиі тап болатын интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, жалған инвестициялық ұсыныстар, тауар сатуға қатысты жалған хабарландырулар, таныстардың атынан ақша аударуды сұрайтын хабарламалар, сондай-ақ күмәнді сілтемелер мен қоңыраулар арқылы пайдаланушылардың жеке мәліметтерін алу тәсілдері жөнінде айтылды.

Қызметкерлерге алаяқтық әрекеттердің белгілерін қалай анықтауға болатыны, күмәнді хабарламаларға қалай дұрыс әрекет ету керектігі, сондай-ақ растау кодтарын, банк деректерін және жеке ақпаратты бөгде адамдарға берудің қауіптілігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1218075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді