Шымкентте өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жоспарлы тексерулер басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2026 жылға бекітілген жоспарлы тексерулер кестесіне сәйкес, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қауіпті өндірістік объектілерде тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін бақылау және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Тексеру барысында мамандар техникалық құрылғылардың жай-күйін, өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуын және қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауын ерекше қадағалайды.
Тексеру қорытындысы бойынша кемшілік анықталған жағдайда, кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беріліп, өндірістік қауіпсіздікті нығайту бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Сала мамандары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау- апаттарды болдырмаудың жалғыз жолы екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1218334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді