25 ақпанда Қостанай облысында KIA зауытының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Талқылау алдағы конституциялық өзгерістерге арналды.
Кездесуге Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина, Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов, колледж директоры Дмитрий Павленко, облыстық мәслихат депутаты Серік Манасбаев және «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты.
Қатысушыларға Конституцияға ұсынылған түзетулер мен өзгерістер енгізілетінін толық айтылды. Әлеуметтік әділеттілік, мемлекеттің жауапкершілігін күшейту және азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне жеке тоқталды.
Кездесу ашық әңгіме форматта өтті: қызметкерлер сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылардың көпшілігі жобаға қолдау білдіріп, референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218477?lang=kk

Жауап қалдыру