
Бүгін біз ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйладық.
Солардың бірі — 1932 жылы туған Конеева Алматхан апа. Ол бүкіл еңбек жолын «40 лет Казахстана» колхозында қызылша өсіруші болып өткізген, тыл еңбеккері. 9 бала тәрбиелеп өсірген, бүгінде 6 баласы бар.
Сонымен қатар 1969 жылы Даман аралындағы әскери қақтығысқа қатысқан ардагер Абдижунисов Ерболды да мерекемен құттықтадық.
Бұл — бейбіт өмір мен ашық аспан үшін жан аямай еңбек еткен жандарға деген алғысымыздың бір бөлігі ғана.
Ардагерлерге көрсеткен көмегі мен құрметі үшін «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС мен «NOVOSTROY GROUP KZ» ЖШС-на алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-bayserke/press/news/details/1218529?lang=kk

Жауап қалдыру