1500-ден астам құқықбұзушылық: ШҚО полициясы жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1500-ден астам құқықбұзушылық: ШҚО полициясы жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзу деректері әлі де тіркелуде. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жолды белгіленбеген жерден өтудің 1500-ден астам фактісін анықтады.

Мұндай құқықбұзушылықтар тек жаяу жүргіншілердің өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Көп жағдайда жүргізушілер дер кезінде әрекет етіп үлгермей, соның салдарынан ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін.

Осыған байланысты полиция құқықбұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартумен ғана шектелмей, профилактикалық жұмысты да күшейтуде. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілермен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, профилактикалық акциялар ұйымдастыруда, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды орындарда күнделікті патрульдік бақылау жүргізуде.

ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарын қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, бағдаршам белгілеріне назар аудару, жолдан өту кезінде ұялы телефон мен құлаққапқа алаңдамау, ал қараңғы уақытта жарық шағылғыстырғыш элементтерді пайдалану қажет.

Жол жүрісі қағидаларын сақтау — барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтаудың кепілі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1218554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді