
Өскемен қаласының тұрғындарына электр желілерінің күзет аймақтарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
Мамандардың айтуынша, жоғары кернеулі әуе электр желілерінің маңында рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізу, ағаш кесу, арнайы техникаларды пайдалану және өзге де әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағдайлар электр желілерінің зақымдалуына, апатты өшірулерге және тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етудің уақытша тоқтауына әкелуі ықтимал.
Осыған байланысты электр желілерінің күзет аймақтарында кез келген құрылыс, жер қазу немесе монтаж жұмыстарын жүргізер алдында міндетті түрде электр желілерін пайдаланушы мекемелермен келісу қажет.
Қала тұрғындары мен ұйым өкілдерінен қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерді сақтауды сұраймыз.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1218624?lang=kk

Жауап қалдыру