
2026 жылдың 8-10 мамыр күндері Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam әлемдік додасында Абай облысының спортшысы – Жалғас Қайролла 81 кг салмақта ел намысын абыроймен қорғап, АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды!
Бұл – қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі!
Көк туымызды биікте желбіретіп, барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жарайсың, чемпион! Алар асуың биік, жеңістерің көп болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1218655?lang=kk

Жауап қалдыру