9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұран ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын насихаттау, ел тыныштығы жолында ерлік көрсеткен азаматтарға құрмет білдіру және жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру болды.

Аталған шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Таулы Қарабақ, Ауған және Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Семей ядролық полигоны мен Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар, сондай-ақ тыл ардагерлері қатысты.

Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ел үшін жасаған ерлігі мен еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер шырқалып, Отан қорғаушыларға арналған жылы лебіздер айтылды.

Жиын соңында ардагерлерге алғыс білдіріліп, олардың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені ерекше айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1218697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді