СОҒЫС ЗОБАЛАҢЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
7 мамыр күні “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығының “Сұхбат TIME” жобасы аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған “Соғыс зобалаңы ұмытылмайды” атты боздақтарды еске алу мақсатында, соғыс жылында туылғандармен сұхбат, ауылдық кітапханамен бірлескен мерекелік концерттік кеш болып өтті.
Мақсаты Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бабалар руына тағзым жасап, соғыс жылдарында туылған батыр бабаларымыздың ұрпақтары мен кездесу, өмірінің өнегелі, қиын кезеңдерін насихаттау.
Кеш бабалар рухына құран бағышталып, бір минуттық үнсіздіктен бастау алды.
Кешті Өркендеу ауылдық округі бойынша, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолмырзаев Өткелбай ашып, барша ардагерлерге ақ тілегін білдірді.
Кешті “Жанкент жастары” ұйымының төрағасы, ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып жүргізді.
Еске алу арналған сұхбатты кеште, ауылымыздың ақсақал, қариялары, Нысанов Қашқынбай, Өтегенов Жақсымұрат, Әбжәлиев Бекболат, Байтөре Кеңескүл сынды әкелеріміз бен аналарымыз соғыстан кейінгі кезеңдегі қиын уақыттардағы ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісіп, сұхбат беріп, ақ тілектерін жолдады.
Кеш аясында ауылымыздың кітапхана қызметкері Нәдірова Назерке Әлібекқызы “Ел аман болсын” әнін орындап ашса, кәсіпорын басшысы Рсалы Болатбек Сырашұлы шәкірті домбыра үйірмесінің мүшесі Жақсыгельдиев Бақтияр Ануарұлымен бірге Құрманғазының “Аман бол шешем аман бол”, Дина Нұрпейісова ның “Жеңіс” күйін, Нұрсұлтан Жұбатұлының
“Майданға хат” термесін, “Қазақ жауынгері” әндерін орындап ұсынса,
Ән үйірмесінің мүшелері Муса Айару, Қойшыбай Айару және Ұлықпан Аяна “Жеңіс, жеңіс ғаламат” күн, “Ұлы далам менің”, және “Тәуелсіздік ұрпағы” әндерін орындап кештің көркін кіргізді.
Кеш Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні мен қортындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1218748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді