
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласында жаңа мешіт маңындағы айналма жолда «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» автокөлігінің жүргізушісі қайта қатарға ауысу кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші басқарған «Mercedes-Benz» автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан оқиғаға қатысушылары медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап, жол қозғалысын реттеу жұмыстарын жүргізуде.
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: қатар ауыстыру кезінде жүргізуші жол жағдайын алдын ала бағалап, арақашықтықты сақтауға, «соқыр аймақтарды» бақылауға және ауысатын жолақта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті.
Бұл ережелерді сақтамау көбінесе ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1218927?lang=kk

Жауап қалдыру