
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев East Hope Group компаниясының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесті.
Компания электролиттік алюминий мен алюминий тотығы әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі саналады.
Кездесу барысында Қазақстанда боксит өндіруден бастапқы алюминий өндірісіне дейінгі толық циклді алюминий кластерін құру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Ерсайын Нағаспаев толық циклді жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның қосылған құны жоғары өнімдерді өңдеу мен шығаруды тереңдетуге бағытталған мемлекеттік өнеркәсіптік саясатының міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.
Сондай-ақ жобаның қазіргі жағдайы, шикізат базасын қалыптастыру, өнеркәсіп кооперациясы және өндірістік қуат көздерін дамыту мәселелері қаралды. Компания Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы бірқатар учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жалпы инвестиция көлемі 12,6 млрд АҚШ долларына бағаланады.
Кездесу соңында тараптар жобаны одан әрі жүзеге асыруға және инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1218945?lang=kk

Жауап қалдыру